|
Қалқатай, «кари глаз» екі көзің, «Никогда не забуду» айтқан сөзің. «Третий, второйлар» толып жатыр, Ойласам «как родился» сенің өзің?
Қалқаның бес мың теңге бір басында, «Восемьсот три тысяч» сырғасында. Ақ меруерт, асылзада бекзат қалқам, Мен сенің жараймын ғой жолдасыңа.
Серінің қолқасы бар бір басыңда, Күн сәулең елес беріп тұр қасымда. Өмірің өткіншідей өте шығар, Қызықты көре алмасаң дер жасыңда.
Кім келіп өмір гүлі сынбасына, Саяда тұрса-дағы шың басыңда. Армансыз жас шығыңда өткізіп қал, Мен кепіл өмір өтпей тұрмасына.
Ақан Сері Қорамсаұлы
|