|
Сұрақ:-Әзілдерің жақсы екен. Тағы да бірді-екілісін бермейсіздер ме? Жауап:-Сіз оқыған әзіл-ажуалар қазақтың күлдіргісі-сықақ әңгімелерінен екенін білдіңіздер ғой, біз еске салғандай болдық. Дегенмен, өтінішіңіз бойынша тағы да бір тобына көз тоқтатыңыз. Сол саудагер тамақ іше ме екен? Қожағұл деген момын кедей ертеде Түркістан қаласына келіп, өзінің Талжан деген таныс делдалының үйіне қонып отырады. Талжан әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген Қожағұлға қаладағы саудагердердің бірін мақтап, бірін даттап әңгімесін соза беріпті. Шыдамы таусылған Қожағұл: -Талеке, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлерің өзі тамақ іше ме екен!?-депті. Көп сөйлеп кеткен Талжан сонда барып: -Бәйбіше, тамағыңды әкел,-депті.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
|
|
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы: Қасқырда қуат қалмаса, «Апа» дейді ешкіні. Тоңған-торқа көреді, Қырық құрау ескіні. Үміт үзбе, бұзылса да, Ісіңнің, ерлер, кескіні. Ұмытарсың, Күн шықса, Айсыз түнгі кешкіні. Бірде тұман, бірде ашық, Бұл дүниенің бес күні!
|
Ертеде бір қолынан іс келмейтін олақ адам бар екен. Сонысына қарамастан ол оны-мұныны істеуге әуес болыпты. Бір күні әлгі олақ өткір шотпен ағаш шауып отыр екен, қасынан өтіп бара жатқан бөгде біреу оқыс бұрылып бірден шотқа жармасып: -Бұл менің әкемнің шоты, сен мұны қайдан алдың?-деп бәле салыпты Олақ: -Бұл өз шотым!-деп өзеурейді. Ақыры бірін бірі жеңе алмай, қазыға жүгініске келеді. Даукес қазыға олақтың шотын да, шауып отырған ағашын да ала келген екен. -Тақсыр, бұл менің әкемнің шоты, оған дау болмасқа керек!-епті Даукес. -Оны қайдан білдің?-депті қазы. -Оны білгенім, әкемнің шоты шапқан сайын өрлейтін, міне, мына шотта дәл сол қасиет бар екен?-деп әр жері қиқа-жиқа болған ағашты көрсетіпті. Сөзден жеңілген қазы шотты Даукеске бергізіпті.
|
Сұрақ:-Менің мамандығым-бухгалтер. Жұмыс бабымен әр алуан ортада болуы ма тура келеді. Қысқасы-мұсылмандар қалай киіну керек, осы жөнінде мағлұмат берсеңіздер. Мұсахан, Қатонқарағай ауданы, Кіші Нарын ауылы. Жауап:-Білгілеріңіз келген алуан сұраққа жауап беруге әзірміз. Жолыңыз түссе, «Мұхамади» мешітіне де келіңіз. Әзірше мұсылмандық әдеп бойынша киінудің, өзіңіз айтқандай, қысқаша мән-жайымен танысыз. М.Садық. Мұсылмандық әдеп Киіну Әрбір мұсылман ерекше таза, күтімді киініп жүруге тиіс. Әрине, киімнің ерекше жарқырақ, аса қымбат болмағаны дұрыс. Мұндайда өзіңе ұнаған бір киімді үстіңнен тастамай, әдейі жұпыны болып көрінудің қажеті жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзі де киімдерін жиі ауыстырады екен. «Алланың өзі сұлу, сондықтан ол сұлулықты ұнатады» дейді екен. Сырт киім мен көйлектің жеңі кең әрі ұзындау болғаны жақсы. Ер кісілерге қызыл және сары түсті киімдер кию-күнәға жатады. Ақ түсті к
...
Толығымен (Подробнее)»
| |