Совершается молитва “Таравих” после двух ракяатов сунны ночной
молитвы (‘Иша’). Желательным является выполнение ее по два ракяата,
порядок совершения которых соответствует обычным двум ракяатам сунны.
Время данной молитвы завершается с наступлением зари, то есть с началом
времени утренней молитвы (Фаджр). Если человек не смог совершить
молитву “Таравих” до истечения ее срока, то восполнять ее не нужно.
По примеру сподвижников Пророка, после каждых четырех ракяатов
желательно делать небольшой перерыв, в течение которого рекомендуется
восхвалять и поминать Всевышнего, слушать короткую проповедь или
предаваться размышлениям о Боге.
Одной из формул восхваления Всевышнего может быть следующая:
سُبْحَانَ ذِي الْمُلْكِ وَ الْمَلَكُوتِ
...
Толығымен (Подробнее)»
|
В магазине "Халал" при мечети "Мухамади" имеется солидный выбор халальной колбасы, отличного средства как для повседневного потребления, так и разговения в месяц Рамадан. При приобретении удостоверьтесь, что на корпусе продукции имеется значок "Халал" как знак дозволенности к употреблению в пищу мусульманами.
|
Үлкендер де кішілер де хиджаб киіп жас қыздардың «өзгере қалған» мінез-құлықтарына таңданып жатады: «кеше ғана таныс бала көшеде кездесе қалса, алдарынан көз алмай өздерімен-өздері, басқа ешкімнің қажеті жоқтай кете барады. «Айнала қоршаған дүниеге қызығушылықтары азайғандай»,-деседі. Мұндайды естігенде өз басым қуанышқа бөленемін. Көпшіліктің білгені дұрыс: ислам дініне иланып, осы жолда жүрген қалың ересектермен қатар, жаңағы қыздар да шариғатқа сай жүрсе, несі дөрекі? Жан-жақтарына алақ-бұлақ қарап, бет-ауыздарына бес баттам бояу жаққан, ала-құла киініп, өздерінше мода сақтайтын бойжеткендердің аузынан шыққан былапыт сөздерін естігенде жаның тітіркенбей ме?!.. Хиджаб киген қыздар өз сәнімен жүрсе, бұл оларды еш нәрсе қызықтырмайды деген пікір тудырмайды. Қайта олардың таза жолға саналы түрде түскенін байқатады. Бұған көпшілік не дер екен?..
Қайрат, мамандығым-мұғалім, тұрмыстық қамту қызметкерімін.
|
Көпшілікке пайдалы бола ма деп анам Фарзана айтып кеткен бір өсиетін назарға ұсынбақпын. Көп балалы отбасы, әкем аурушаң шақта анам қатты науқасқа ұшырап, қайтыс болатынын білді ме, бір ақылын айтып кетті: «Дағдарыс, дағдарыс деп уайымдай берудің қажеті жоқ. Үйдің жанынан ертеңгі-кеш қолдарың боста үлкен асхана салып алыңдар. Еңбек ақыларың аздау болса, қосымша табыс көзі»,-деді. Ұзақ созып не керек, қазір сол асхана сол ақ жүрек анамның кең пейілі арқасында керегімізге жарап отыр. Ауылдағылар арзан бағасына қызығып, осында той-домалағын, туған күндерін өткізіп, қонақтарын қабылдап жатады. Ризалықпен бергендерін аламыз. Ата-анамыз сұрамшақтатпай өсірді ғой. Жүрегім сыздап анамды аңсағанда көзіме жас іркіледі.
Сайранхан, Зайсан ауданының тумасымын, үйдегі балалардың ең үлкені-мен.
Категория:
Еске алу
|
Просмотров:
3339
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
03.09.2009
|
|
Ат-биеден туады, алтын-анадан, Ел-ағадан азады, тон-жағадан. Өлексе өлекшіннің аңдығаны, Арлан бөрі соғады тау сағадан. Сергелдең сейіл, серуен кезеңінде Ер аттан мұқалады, ат- тағадан. Балапан ұядағы ұшқанды алар, Қатын ерден үлгі алар, іні-ағадан. Бір ойы он бөлінген, оны-жүзге, Сасқанда ақыл шықпас кембағалдан.
Жасымда кедейліктен жедім таяқ, Жалаң бас, жамау дамбал, жалаң аяқ. Кедейлік қыршаңқы аттай тонтан қуып, Үйірге қосыла алмай жүрдім саяқ. Қыр соңыма түсіп ан сұм кедейлік, Найзасын жетер-жетпес жүрді таян.
Мұңдасатын таусылды тұстас тұрғым, Әзілдесер таусылды тату құрбым. Жан жабығын, тән тозын, қартаярда, Үйлеспей басында жүр көңіл қырдың.
|
|
Біраз тәлім айтайын балаларға, Жолдас болмас тұйғын мен қара қарға. Таңдап тауып өзіңнің теңіңді сүй Дос-жарансыз өмірде дара қалма.
Болғанда шәйнек күміс, тәлеңке алтын, Досыңмен жақын жүрген болма салқын. Досыңмен жақын жүрген болсаң салқын, Болмайды бұрынғыдай көңіл жарқын.
Арғымақтан ат жақсы, шабыс болса. Ағайыннан жат жақсы таныс болса. Жолдас болсаң жаманмен жарға жығар, Жазатайым аяғың шалыс болса.
Бір жүйріктен бір жүйрік қалыспаған, Жолдасыңа жолдасым таныспаған. Екеуіңнің сауабын біз алайық, Жақсы болмас жақсыдан алыстаған.
Жүйрік бар жүйрікте де шыға салма. Досың тұрып, дұшпанның тілін алма. Жолымды қосар болсаң жақсыға қос, Тап қыла көрме, тағдыр, пейілі тарға.
Ел ішінен жазып алып құрастырған О. Арқар.
Категория:
Тәлім өлең
|
Просмотров:
1058
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
03.09.2009
|
Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп: -Саған не боп қалды?-деп сұрайды. -Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі: -Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті. «Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері»
Категория:
Әзілдер
|
Просмотров:
1614
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
03.09.2009
|
Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді. Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгірмейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына: -Бал жей отыр,-дейді. Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды екен деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай: -Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,-дейді. Танысы сараңның ниетін түсініп: -Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!-депті.
Категория:
Әзілдер
|
Просмотров:
907
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
03.09.2009
|
Баяғыда біреудің келіні әрі жалқау, әрі әдепсіз екен. Өзі отырып, мынаны апарып қойшы, ананы алып келші деп, кез келген кісіні жұмсай береді. Атасы келін мені де жұмсар ма екен, сынап көрейінші деп ойлайды. Бір күні келіні үйде тары қуырып отырғанда, сырттан жөтеліп, дыбыс беріп келе жатады. Келіні сыртына айналып қарауға да ерініп: -Әй, келе жатқан қайсың? Кім де болсаң, келі мен келсапты ала келші!-депті. Атасы келінім бір ұялсын деп үйге келі, келсапты ала кіреді. Жұмсаған кісісі атасы екенін көргенде келіні шынында сасып қалады: -Ойбай, бетім-ау! Атам екенсіз ғой! Орнына апарып қойыңыз, өзім барып алам,-депті.
Категория:
Әзілдер
|
Просмотров:
983
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
03.09.2009
| |