"Сіздерден біріңіз ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны біреу балиғаттаса немесе дауласса, ол: "Мен оразамын",-деп айтсын." Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
"Кім жалған айтудан және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Аллаһ Тағала оның ішпей-жемей жүргенін қажет етпейді." Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари риуаят етті.
"Сәресіні ішіңіздер, өйткені сәресіде береке бар." Хадисті Әнас ибн Маликтен (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
"Біз бен Китабилер (Таурат, Забур, Інжіл иелерінің) оразарындағы айырмашылық-сәресі ішу." Хадисті Ъамр ибн Ъастан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят етті.
"Мен және Масрұқ (р.л.ғ.) екеуміз Айшаға (р.л.ғ.) кірдік. Масрұқ (р.л.ғ.): "Расулуллаһ (с.ғ.с.) сахабаларынан екі кісі жақсы іске алаңдайды. Олардың бірі ақшам намазы мен ауыз ашуға асықса, екіншісі ақшам намазы мен ауыз ашуд
...
Толығымен (Подробнее)»
| |