*Күшіген еті баспа ауруына шипалы. *Суырдың бауыры сынған сүйектің тез бітуіне көмектеседі. *Ешкінің бауыры көзге пайдалы. Миы сіңірлер мен шандырларды бекітеді. *Малдың өкпе-бауыры мен бүйрегі сол мүшелерінің сырқатына ем. *Иттің тілі жарақатты жазады.
|
Бір күні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне келіп қонады. Әңгімелесіп отырғанда Қазыбек: -Уа балам, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның қайсысы боласың?-дейді. Сонда Қаражігіт: -Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз?-депті. -Еншалла, қазынамыз ғой,-дей беріпті сонда Қазыбек. -Еншалла, біз елдің туымыз,-депті Қаражігіт. Ә. Мәметова
|
Сұрақ: Ораза айы жақындап келеді. Ораза айты жайында толық мағлұмат білгім келеді. Гүлмира. 10 сынып оқушысы Жауап: Ораза айт-ислам дінінің қағыдасы бойынша жыл сайын ұсталатын отыз күн ораза аяқталғаннан кейін өткізілетін үш күндік айт мейрамы. Ораза айт мейрамы сол айттың алғашқы күні таңертең оқылатын екі ракағат айт намазынан басталады. Бұл намазды мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қауымы көбінесе даладағы таза, тегіс жерге жиналып оқиды. Бұл мейрамның түпкі төркіні ислам дінінен келгенімен, кейін келе ұлттық әдет-ғұрыпқа, бұқаралық мейрамға арналып кеткен. Қазақ халқы бұл мейрамды жыл сайын өткізіп, аттарына мініп, топ-топ болып айтшылайды, үйлерге кірі бере-ақ "айт қабыл болсын!" айтады. Осы мейрам кезінде түрлі ұлттық ойын-сауықтары өткізіліп отырады. М. Қани
|
Қаланың алып ұшқан сан мәшинелеріне толы көшелерін кесіп өтудің өзі бір шаруа екенін екінің бірі біледі ғой деп жүрсе, бұл кәперіне де кірмейтін жандар да жиі кездесетінін Асылхан күні бүгінге шейін ескермеген сияқты. Ережесін сақтап ептеп бері шыққаны сол еді, соңынан асфальтты тағалы аттай тарсылдатып келе жатқан дауысты құлағы шалды. Бері тротуар алаңқайына шығып еріксіз көз салды: "рұқсат шамның" өшіп тұрғанына қарамастан жетектеген төрт-бес жас шамасындағы қара домалақ ұлын дедектеп сүйрелеп бір келіншек "шапқылап" келе жатыр екен. Елуге тақап, шашын қырау шалып, салмақтанып қалған ол бұл әйелдің жасы отыз екі-отыз үште, соншама неге "жын ұрғандай" жүгірді деп, өзінше азаматтық борышын өтеуге кірісті: "-Айналайын, балаңды аясаңшы тым құрығанда! Мәшине қағып кетсе қайтесің?!"-деді ақыл айтпақшы болып. Келіншектің ақ кеудешесінің кіндігі ашық, созалаң ақ дамбал киіп алыпты, шашын қысқа қиып жалбыратып қойған екен, бұған бұрышта
...
Толығымен (Подробнее)»
| |