Воскресенье, 07.12.2025, 07:58
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Август » 15
Кешке жақын Бұдабай ақын ауылдан өтіп бара жатқанда, бір жас қыз ауыл маңындағы көлден су әкелуге бара жатады. Атты кісілер қызға жақындап жанай өте бергенде, бір еті тірі пысық бала Бұдабайға бұрылып: "Мына қызға бір ауыз өлең айтып жіберіңізші",-деп өтініш білдіреді.
Сонда Бұдабай ақын ойланбастан бір шумақ өлең айтады.

Қамысы мына көлдің буын-буын,
Жігіттер, көрдіңдер ме қыздың қуын?
Қолында екі қауақ әпкіші бар,
Барады таусайын деп көлдің суын,-

дейді. Сонда бүлдіршіндей жап-жас қыз іркілместен өтіп кетіп бара жатқан жолаушы салт аттыларға жалт қарап, мына бір шумақ өлеңді айтқан екен.
Қыз:
Дейді екен бұқа-буға, тентек-дуға,
Құдайым кездестірді қандай сұмға.
Құдайдың жалпақ жатқан көлін қорып,
Итаршы бұл кім еді қара суға,-

дейді. Бұдабай жұмған аузын ашпай жеделдетіп жүріп кетеді.

И. Ақылов
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 861 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2010

Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен бұтақтайды.

Қайырымдылыққа қанжар қарсы сілтенбес.

Ғашықтықтан аштық күшті.

Ақшалы болса ақымақ та төре.

Кішіпейілдік-кемеңгерліктің көркі.

Сырттан баққанның сегіз көзі бар.

Тымырайған мысық тышқанды көп ұстайды.

Осал жауды қор тұтпа.
Жағалы жаудан қорықпа.

Сыйға бергенді сынамас болар.

Құлағын басып алып қоңырау ұрлағандай.

Ит болсаң, үлкен үйдің иті бол.

Удың да дәрі болар кезі бар.

Даруы күшті дәрінің дәмі кермек.

Әлсіздің де әлі бар.

Қынабынан қылыш суырмай-ақ даңқы шыққан батыр.
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1181 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2010

Бұл үшін былай істейді: 1 қадақ сабын мен жарты қадақ қарамайды қайнатады.
Қосынды әбден суымай-ақ кисточкамен алады да, аяқкиімге жағады. Аяқкиімді жылтырату үшін оны щеткамен сүртеді және күйе араластырылмаған балауыз және скипидарды тегіс етіп жағады.
Бұдан кейін былғары өте төзімді болады.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 949 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2010

…Бар айтқаны келді.  Ойға түсіп жүргені де кейін белгілі болды. Жарықтық ауырып жүріпті ғой. Ауыр науқастан қайтыс болып ел жыйналғанда бір-екі жолдасына ғана сырын ашыпты.
Уақыт, шіркін, тосып тұра ма? Сейітқазы да ер жетіп, қалың көпшілік сияқты ауылдан жұмыс таба алмай, облыс орталығы-Өскеменге келіп құрылысшылардың қатарына қосылды. Бәрі жап-жақсы еді, айлықтарын уақытында алып, енді әредікте ауылға әйелі, бала-шағасына оралуды ойлады. Көшіп келу керек пе, әлде келіншегінің не деген ойы бар-білу шарт.
Келсе, келіншегі де бұл жақта қарап отырмапты. Едел-жедел туған ересек тартқан екі қызын алып, Алматыдағы туыстарына кетіп қалыпты. Кеткенде құр кетпепті: ауылдағы екі бірдей үйді Моңғолиядан келген қандастарымызға сатып ақшасын ала кетіпті. Әмбе "ат құйрығын" мүлде үзіп кеткен екен. Бұл жөнінде бірнеше жыл жақсы араласып тұрған көршісіне ауызба-ауыз айтып, қысқаша хат тастап кетіпті. Әкесі "астыңдағы атыңа сенбе, қойныңд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 922 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Август 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz