Бекмағамбет Омбы еліне бара жатып, жолда Жауке дегеннің үйіне қонады. Тамақ ішіп отырғанда Жауке еттің майын Бекеңе қарай итере беріп: «Беке алыңыз, бұл жүрекке тиетін сары май емес қой»,-дей беріпті. Олай дейтіні Бекмағамбет Сары май дейтін әйелді аламын деп, көп әуреленіп, ақыры ал алмай қалған жайы бар екен. Бекмағамбет жауаптан тосылып қалыпты. Сонда Бекеңнің жанындағы жолдасы Хасен деген жігіт аңдып отырып: -Бәкең, әрине, майды талғап жейді ғой, көңіліне жақпаса құлағына сырға тақса да қайтсін ондайды,-депті. Онысы-Жәуке де «Сырға» деген әйелді алам деп ала алмай айырылып қалған екен. Жауке сөзден тоқтап, үндемей қалыпты Д. Шақанұлы
|
Қалайда үйленуге тырысыңыз: егер жақсы жар кездессе-бақытты адам, ал, жаман жар кездессе-философ боласыз. Сократ
«Үйленсең-өзің құрисың, үйленбесең-тұқымың құриды» Қазақ мақалы
Категория:
Неке
|
Просмотров:
3557
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
17.09.2010
|
|
Бас аман болса, бөрік табылады. Қорқыт ата
Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет. Құтып
Жігітке дәулет те көп, байлық та көп, Қызығы дүниенің-есен-саулық. Төреқожа Ханқожаұлы
Жігітке мықты дәулет амандығы, Қанағат барға етпесе надандығы. Нұржан Наушабаев
Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады. И. П. Павлов
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. А. Шопенгауэр
Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. А. А. Семашко
Мен қимыл-қозғалысты кәрілікпен күресудің ең тиімді құралы деп білемін. В. В. Гориневский
| |