Воскресенье, 07.12.2025, 07:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Сентябрь » 09
Жер шарындағы халықтардың тілдері әр түрлі болатыны секілді ишара-ымдары да әр басқа. Мұның өзі сәлемдесуден-ақ басталады. Америкалық қол алысуға қоса иықтан қақса, жапондық иіліп-бүгіледі. Кениядағы акамба деген халықтың баласы сізге деген құрметін көрсеткісі келсе, үстіңізге түкіреді, ал массам деген халықта жерге бір, қолына бір түкіріп алып амандасатын салт бар.
Сұхбат кезінде мақұлдаса, бас изеп, құп көрмесе, бас шайқайтын ишара болғарларда мүлдем қарама-қарсы мағынада ұғынылады. Жапондықтың әңгімелесіп қайта-қайта бас изеп отырғанын сізбен келісіп отыр деп ұғынсаңыз, қателесесіз. Ол сізді мұқият тыңдап отырмын дегеннің ишарасы, сондықтан басын изеп отырып, әңгіме соңында «жоқ» дер болса, таңданбаңыз.
Алжирде сөйлесіп отырған кісі әңгіме ортасында қолын ұсынса, ыңғайсызданып қаларыңыз анық. Қоштасқаны болар деп ойлайсыз. Ал бұл елде жарасымды әзіл, ұтымды сөз естісе, бір-бірін алақанынан қағатын әдет бар. Араб қоштасқанда ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1361 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйіне бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер «шаруа қайтсе оңалады, мал-жан қайтсе оңалады?» деседі. Сонда Құнекең:
-Шаруаң оңға айналған шақта,
Мінген атың жүреген болады.
Асыраған итің үреген болады,
Қатының қадірлі болады,
Қызың ажарлы болады,
Малың базарлы болады,
Шөбің шығымды болады,
Малыңа жұғымды болады,
Ұлың білімді болады,
Құлың сенімді болады,
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1203 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Ұятсыз адам иттен де жаман.   (С.Сарайи)

Өлімнен ұят күшті.   («Орхон жазу ескерткіші»)

Арсыз-адамның қоры.   (Ю. Баласағұни)

Бар бәледен ұят сақтайды.
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.   (Ю. Баласағұни)

Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам.   (Ю. Баласағұни)

Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа.   (М. Қашқари)

Опасызда ұят жоқ,
Ұятсызда опа жоқ.   (Ә. Науаи)

Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге.   (Ю. Баласағұни)

Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер.   (Ю. Баласағұни)

Ұят-жаман ойдың жүгені.   (Ю. Баласағұни)

Көп сөзден ұял-тек отыр.   (Ш. Сүлеймен) ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 3802 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Тамақты аз жеу, яғни толық қарны ашпай тамақ жемеген абзал. Тағамды тойып та жемейді, қарнында біраз бос орын қалу керек.

Күмәнді тағамман сақтанады, егер мүмкіншілік болмаған жағдайда, күмәнді тағамнан мүмкіндігінше аз желінеді. Әрі көңілінде іштей өкініште болу лайым. Күмәнді тағам-негізгі үрей емес, ал бірақ залым әрі пасықтың тағамы күмәнді.

Қызметкерлерден бөлек, өзіне арнайы дәмді тағам әзірлемейді. Қарапайым тағамдарға қанағат етеді.


Тәтті немесе қарапайым тамақтың қайсысы бірінші даяр болса, сүннет болғандықтан, таңдамай соны жейді. Үнемі ет жемейді немесе қырық күнге оны тәрік те етпейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешқашан өкпе, бүйрек, ішек-қарын жемеген екен.

Әртүрлі тағамдарды бірін-біріне араластырып ішіп-жеу сүнетке қайшы әрі денсаулыққа да зиян: балық пен сүтті, сүт пен жұмыртқаны, сүт пен етті, қуырылған ет пен қайнатылған етті, сүр ет пен жаңа етті, екі ыстық тағамды, екі суытылған тағамды, ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1250 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Бір жолы баласы Жалмамбет «менікі жөн, олардікі теріс» деп, бір жаулау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Байдебек би баласына:
-Өткелді саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісімді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат,-
деп ақыл айтыпты деседі қариялар.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 951 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Тау берігінде қонысың болсын,
Іздеген жау таба алмайды.
Ел берігінде досың болсын,
Аңдыған дұшпан ала алмайды.

Жаман ердің қайғысы
Өз отаның қасында,
Жақсы ердің қайғысы
Ауылының басында.

Жаман еркектің басын
Жақсы әйел хан қылады.
Жақсы еркектің басын
Жаман әйел даң қылады.

Жанашырың жоқ болса,
Жатпен жалғыз жүрмеңіз.
Қостаушыңыз жоқ болса,
Біле тұра білмеңіз.

Б. Адамбаев
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 975 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уәссәллам) сыйлық мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Өзара сыйлық берісуге шақыратын сүйікті Пайғамбарымыздың мынадай хадистері көп: «Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»; «Сый-лық берісіңіздер, бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер»; «Жейтін нәрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді молайтады»; «Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат-сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық-жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатыгездік, дұшпандық) арылтады».
Пайғамбарымыз өз өмірінде садақа алмаған, ал сыйлық берілсе алатын болған. Алыс-жақын ел-жұрттан үйіне әкелген заттарды көргенде, оның садақ я сыйлық екенін сұрап, егер сыйлық болса оны қолданатын, ал садақа болған жағдайда оған тимей кедей-кепшіктерге таратқызатын.  Бірқатар хадистер Пайғамбарымыздың өзіне сыйлық жібергендерге оның да сыйлық жіберетінд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ораза қабыл болсын! | Просмотров: 1139 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz