Адамның жасы ұлғайған сайын ұмытшақ бола бастайды. Кейде бір нәрсеге жұмсағыңыз келген балаңыздың атын ұмытып, үйдегі бар ұл-қыздарыңыздың атын түгендеп шығасыз. Немесе жұмыста біреуге тапсырма бергіңіз келсе, атып ұмытып: «Кім... Кім... бері келші... былай істеші?..» деп отырғаныңыз. Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылудың жолы: В12, В6, витаминдерін, Е витаминін, бидайдың талқанын, бидайдың өркенін, жұмыртқаны, қоңыр түсті күрішті, қара жидекті көп пайдаланыңыз. Балықта, жаңғақта (грек), шемішкеде жүйке жұмысын жақсартатын омега-3 қышқылы көп. Сонымен қатар, бұлар мидың жұмыс істеу қабілетін де жақсартады және ұмытшақтықты болдырмайды. Асқабақтың шопағында цинк бар, ол есте сақтау қабілетінің және мидың жақсы жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Күніне бір уыс асқабақтың шопағын жеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Мидың анықтығына қарақат жидегінің де көмегі көп.
|
Көшеде Көшеде бір әйел такси тоқтатып: -Перзентханаға,-десе керек. Таксист жын құйғандай жүйтки жөнелген екен, әйел: -Қатты асықпай-ақ қойыңыз, мен ол жерде тек жұмыс істеймін,-депті.
Бал жеу керек Хайуанаттар бағында аю мен бегемотты қатар орналастырыпты. Бегемот өзіне қарап қалған сайын аю «Паһ, шіркін!», «О-Һо!», «Ғажап!» деп басын шайқай берсе керек. Әрі-беріден соң әбден қысылған бегемот: -Не болды саған, сонша тамсанып?-деп сұрапты. Сонда аю: -Қайран қор болған ауыз-ай, мұнымен тек бал жеу керек қой!-депті.
Шабадан Әйел деген чемодан сияқты. Алып жүру ауыр. Тастап кетуге қимайсың.
Қамқоршылын... Күйеуі әйелінің базардан ауыр сөмкемен үйге оралғанын көріп: -Қымбаттым, сенің жасыңа келген әйелге мұндай ауыр зат көтеруге болмайды,-депті. -Енді не істе дейсің? -Екі рет барып келсең де болады ғой.
|
Шариғат жолымен неке қию және оның құқықтық мәселелері қалың көпшілікке жарияланған мағлұматпен танысқандарыңыз жөн. Статистика бойынша мұсылман елдерінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы барынша төмен. Бұл жағдай мұсылмандардың әдет-ғұрыптарының Ислам дәстүріне негізделетіне байланысты болғандықтан орын алып отыр. Өйткені, Исламда неке қию және той жасау рәсімдері қашан да киелі, игі және даналық дәстүрлер болып саналатын. Неке қию-(арабша-никах) Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию-адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсыну. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлық қағидаларын ұстана отырып махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақыты да берекелі отбасын құр
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Неке
|
Просмотров:
1856
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
01.09.2010
| |