|
Құлан өз қағынан жерімейді.
Қошқар болар қозының маңдайы дөң болар, Адам болар жігіттің маңдайы кең болар.
Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді, Адам болар жігіт қарындасшыл келеді.
Атың жақсы болса-қанатың, Ағайының жақсы болса-санатың.
Жорғаның қадірін желгенде біледі, Жақсының қадірін өлгенде біледі.
Жыласуға жақын жақсы, Сыйласуға жат жақсы.
Тіріде сыйласпаған, өліде жыласпайды.
Өз өлтірмес, жат жарылқамас.
Өзім деген өзекке теппес.
|
Екі жігіт жол жүріп келе жатып, бір үйге сусындауға келіп түсіпті. Олардың біреуінің руы-сүгір, бірі–матай екен. Үйде бойжеткен қыздан бөтен жан болмайды. Төрге шығып отырған екі жігітке қыз сабадан пісіп-пісіп, қымыз құйып, тегенені алып, екінші қолымен кебежеге сүйеніп тұра бергенде, қаусаған кебеже сықыр ете қалған. Оны басқаша ойлаған жігіттің бірі: -Құдаша, мерген болсаң, қасқыр атшы, Басына ана таудың асыра атшы, Дауысы мылтығыңның күшті-ақ екен, Тағы да үсті-үстіне тарсылдатшы,-депті. Қыз жігіттердің жүздеріне назар салып қараса, біреуінің ат тепкеннен танауында жырық қалғанын байқайды. Қолындағы қымыз толы тегенені ұсына берген қыз: -Дейсің ғой: «арам желі шығып кетті», Бір матай, бір сүгірге тиіп кетті, Мылтықтың қарауылы түзу болмай, Танауын біреуінің жырып кетті,-деген екен.
С. Әбілғазин
|
Жөтел көбіне таңертең күшейетіндей болса, сарымсақ тұнбасын, қою қант сірнесін және аздап крахмал қосып ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден аш қарынға аз-аздап жегізу керек. Ал жөтел жатарда мазалайтын болса екі-үш тамшы (бұдан асыруға болмайды) иод тұнбасын қосып, бір стакан ыстық су ішіп жату керек. Егер балаңыз қайта-қайта салқын тиіп, жөтеле беретін болса, көктемде оған қайың шырыны мен сүтті (2:1) араластырып, аздап ұн не крахмал қосып беріп тыңайту керек. Ал жөтелден біржола жазылу үшін шыдамдылықпен қаракет жасап, балаға жаз бойы мынадай шөптердің тұнбасын ішкізу керек: қалақай, жолжепкен, дала қырықбуыны және гүлқайыр шөптерін кептіріп дайындап алып, әрқайсысының үгіндісін бір-бір шай қасықтан 4 стақан қайнақ суға тұндырады да, күніне 4 мезгіл, тамақ алдында жарты стақаннан ішкізеді. Бұл ем-домның ережесі бойынша төрт жасқа дейінгі балаға бір шай қасықтан күніне 3 мезгіл, төрт жастан он жасқа дейінгі балаларға бір десерт қас
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Арғымақ байлап не керек, Артынан жабы жеткен соң. Сары ала қылыш не керек, Мұқатып дұшпан кеткен соң. Ағайын-туыс не керек, Аңдысып күні өткен соң. Қызыл тілім сөйлеп қал, Қызығыңды жер көрер, Санаулы демің біткен соң. Айтты дейтін жұрт қайда, Айтатұғын біз қайда? Бір төбенің басына Көме тастап кеткен соң... Ат туады биеден, Алып туар анадан.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |