Жалғасы... Екі кеме құйрығын, Ұста, жетсін бұйрығың.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады.
Жастықта бір күлгенің-бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Керек іс бозбалаға-талаптылық.
Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды- Әдеті надан адамның.
Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым!
Кімде кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны құдай ұрды.
Қайғы келсе, қарсы тұр құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде. Сонан тапқан-асыл, тастай көрме.
Қайғы-дертің мейлі мың, Саудаға салма, өзіңе ар.
Қашан бала ғалым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер.
Құйрығы шаян, беті адам- Байқамай сенбе құрбыға. Жылмаңы сыртта, іші арам, Кез болар қайда сорлыға.
Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі кесел асқанға. Үйткен адам жолығар, Кешікпей-ақ тосқанға. Жалғасы бар...
|