Тоқтамыс би Арқадағы Арғын ішінің беделді биі болған. Елдің сүйіп қойған аты «Тоқаш» және «Әйе». Өзі өте семіз кісі екен. Егде кезінің өзінде 15 пұт шамасында болған. Тоқаш соны азсынып: -Өй, балалар-ай, қартайған екенмін. Бұрнағы жылдары өлшенгенімде 19 пұттан артық едім,-депті. Бұның замандасы-Мәлике дейтін қылыш тілді қатын болған. Ол да семіз-ақ болған. Бір сапарында Тоқаш, Мәликенікіне ат басын тірепті. Үйге кірсе, әйел үйде жоқ екен. «Үйге кісі келдіні» естіп, Мәлике кешікпей келіпті. -«Әйел семіз болса-үйдің жұты, еркек семіз болса-елдің құты»,-дегендей, үйіңді жұтатып қайда жүрсің?-депті Тоқаш. Сонда Мәлике: -Ел аузынан: «Еркек семіз болса-есек, әйел семіз болса-төсек» дегенді естіп едім-депті.
|
Ананың тізесіне сүйенген сәби тезірек өседі.
Тұзсыз етте шіриді, Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Әр қасіреттің өз жұбанышы бар, Әр аурудың өз дәрісі бар.
Жылтыраған сырты бар, Бұршағының құрты бар.
Орманға сен қалай қарасаң, Орман да саған солай қарайды.
Аңшы итін мақтайды, Балықшы таңды жақтайды.
Төсенішіңді қалай салсаң, Түсіңді де солай көрерсің.
Жасамыс махаббаттың жалыны өшпейді.
Өз баласын махаббаты ананың Тұңғиықтың түбінен де табады.
Жылы сөз салқын судан да жақсы сергітеді.
Уайым ұйқыңнан айырады, Күйік сұрқыңнан айырады.
Қуаныш пен күйік-кіндіктес.
Абай болу-ақылдылықтың арнасы.
Тары жоқта тауық өспейді.
Қарыны ашқанның қарымы үлкен.
Аштың саусағынан сары май ақпас.
Қонақ болып қандырсаң құмарыңды, Есте сақта есіктен шығарыңды.
Адам араққа жүгірмесе, Арақ адамға жүгірмес.
Сақал-қарттың сәні.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |