Науқас
-Ия, науқасым? Саспа! Тынысыңды тыңдап көрдім... Тамаша!
-Қадірменді дәрігерім, менің сол қолымды ұстап көріңізші, оң қолым-протез еді...
Үлкен себеп
-Менің ажырасқым келеді.
-Неге? Қандай себептеріңіз бар?
-Себептер ұшан-теңіз. Ең бастысы-үйленгенім!
Барабан
-Әке, маған барабан сатып әперші.
-Сонан соң даңғырлатып маған жұмыс істетпей қоясың ғой?
-Жоға, сен демалып не ұйықтап жатқан кезінде ғана даңғырлатамын.