|
Ақылдан айырылғанша, аяқтан айрыл.
Періште боп келіп, пері құсап қайтты.
Тіл-жүректің тілмәші.
Жарлы-пақыр жарты әлемді алып жатыр.
Жалдамалы әскер жанын сала соғыспайды.
Кереңді мылқау ұғады.
Жаздың кілемі-жалпақ.
Қолы жоққа найза не керек?
Алтын тасыған атанның да жейтіні-ала бота.
Жалғасы бар…
|
Тоқтайын Бұл өмірдің иіріміне тастадың деп ойлама, Тереңіне біз баттық деп, сен ініңді қинама. Бұл өмірдің сағыздалған батпағына ағасын, Қанатының астында өскен балапаны қия ма?
Қалай қасым барды бұған себепті, қалайша, Сендер үшін табан тіреп тұрып алсам болмай ма. Туған әке-анаңның сен орындарсың бар сөзін, Нүкте қойсам мен осылай көңіл гүлің сола ма?
Жетік емес жол-тұяғы есек тұлпар бола алмас, Көкке қарап атылғанмен, жылан сұңқар бола алмас. Жас өмірім басқа арнамен биік шыңға самғасын, Сендердің де қайықтарың бұл өзенде көп қалмас.
Аз да болса еліктеп бір осы жерде тоқтайық, Биік, асау белестерге біздер қанат қомдайық. Біріншісін жұлып қолдан, екіншісін беретін, Таразы өмір табағынан араздықты таптайық, Алдау менен арзандықпен мен де құрбым таныспын.
Осы алдаумен, сатқындықпен өмір бойы алыстым, Мөлдіреген қара көзді алдағанша семсермен. Достарымның қолын е
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Тобықты Әнет баба қартайып, жасы 90-ға келгенде ел дауы, жер дауы, жесір дауына көп араласпай "Кәләм Шәриф", Қожа Ахмет Иассауи, Сопы Аллаяр, "Нұрнама" секілді кітаптарды оқып оңаша жатады екен. Қоржын-қоржын кітаптарды ақтарып, кейде көзінің жасы сақалын жауып жылап алады екен, кейде балаша мәз болып күледі екен. Кейде тұңғиық ойға батып, орнынан тұрып ешкімге ештеңе айтпай қыр асып қыдырып кетеді екен.-Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз?-деп сұрапты бірде ауыл сыртында жолығып қалған Қазыбек би.-Өзімді іздеп жүрмін, шырағым,-деп жауап беріпті Әнет баба.Жас Қазыбек ештеңені ұға алмай аңтарылып тұрып қалыпты.-Түсінбегеніңді біліп тұрмын. Өзімді іздеп жүрмін дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы Алланың әмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Бомж Жығылғандай самалдан қияқ талып, Бойындағы жайына ұят қалып,- Тұрады да қояды көз алдымда, БОМЖ менің көлеңкем сияқтанып.
Тұрған көлдей көңілді тұнып көптен, Шайқап шыққан елдегі бүлік шектен,- "Қаламгерде" отырмын азан-қазан, Арақ ішіп шетелдік жылып кеткен.
Құлазыған жанымды қоям қайда, Бала сезім қайтадан оянбайды, ә. Суылдатып жүректі бір қорқыныш, Түсіреді үрікпе қоян жайға.
Көтерместен жүрісті атүсті арман, Табиғаттай бұзылып оқыс, қарғам,- Күй кешемін кей кезде БОМЖдардай, Таңғы асын іздеген қоқыстардан.
Қарақошқыл биіктеу белдеуліктен, Жыланқабық жарасы шелдеу біткен,- Қараңғылау қатынға қапа көңіл, Түбі тесік шелектей жөндеу күткен.
Бар-ау білем ұққанға күнде алалық, Баяғыда бала едім тұл далалық,- Қала бұзды, шешем жоқ ұрсатұғын, Алсам ба екен қара шаш түнді ана ғып.
| |