|
Сумен ойнама, батарсың. Отпен ойнама, жанарсың.
Асырауын тапса, адам болар, Оқуын тапса, білім қонар.
Ұялған сыбағасынан құр қалар.
Атпаз көрген ат таныр, Ұстаз көрген хат таныр.
Жасыңда қалжың болсаң; Өскенде мылжың боларсың.
Қызды асырай алмаған, Күң етеді, Ұлды асырай алмаған Құл етеді.
Алмақтың да салмағы бар.
Бәлелі жерді баспа, Басыңа түссе саспа.
Тар жерде табысқан, Кең жерде көріседі.
Талап-талмас қанат. Адамдықтың белгісі- Иіліп сәлем бергені, Шын достықтың белгісі- Көп кешікпей келгені.
Жау төнгенде, батыр бол, Дау төнгенде, ақыл бол.
Көп тыңда, аз сөйле.
Көргенді көнеден сұра, Көне білмесе, көп көргеннен сұра.
Мал сақтама, ар сақта.
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.
Білмеген жердің ой-шыңқыры көп.
|