Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсепті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек-«Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?»-деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жараңдар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар. Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып: Биеке, ол сөзінің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды, Өз байынан басқаны ұнатпайды. Үйіне мейман түссе хош келдің деп, Еш адамнан рұқсат сұратпайды. Жаман әйел байымен ұрысады, Мейман келсе қабағы тырысады, Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп, Мейман байғұс басқа үйге жылысады. Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер, Әйелің долы болса күнде өлтірер, Жақсыдан жаман туған бала болса, Атаға үйде жатқан сөз келтірер. Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас, Осал жігіт әйелге беттей қоймас, Жауыз қатын қабаған ит сияқты Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
| |