|
Құлағыңа сыбырлаған кеңестің құны жоқ.
Көзі жоқты кінәлау-көптің әдеті.
Суайттықты сүймесең, Сұрақ қойма суайтқа.
Ұзақ емексіткенше, оқыс түңілт.
Досыңнан айырылғың келмесе, Доғал әзіліңді доғар.
Адал адамның ақталуы-ағаттық.
Ары таза-айылын жимас.
Несиеге пұл алған ұмытса да, Берген ұмытпайды.
Арыстанның құйрығы болма, Арлан иттің басы бол.
Таза су әкелгеніңше, суыңды төкпей тұра тұр.
Аян дұшпаныңнан аяр дос-жарың сорақы.
Жырақтан жылытқан от жақыннан қариды.
Әдемі әңгімені қайталап айтқанның айыбы жоқ.
Сиыр сатсаң-сүтін де сатқаның.
Жақсы тілек тілесең, Жасамыстан сұра.
Демеушің болса, демікпей-ақ жүзерсің.
Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.
|
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады, Қыранның қырдан байқар баласындай. Жаман парқы жақсымен бірдей емес, Жақсы жігіт елінің ағасындай. Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, өріктің ағашындай. Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр, Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай. Жақсы адам қай жерден ажырайды, Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай. Жамандар-өтірікші, өсегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай. Жалған сөзбен бықсытар ел арасын, Жанбай қалған ағаштың шаласындай. Соқтығып әркімге бір ұрынады, Сиырдың тентек болған танасындай. Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ, Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай, Жаман адам балтаның ұңғысындай. «Олақтан салақ жам
...
Толығымен (Подробнее)»
| |