Сұрақ:
Апамыз сырқаттанып қалып еді, зәр шығарудың амалдарын айтып жіберсеңіздер.
Мүнира, Өскемен қаласы
Жауап:
Маман, емшілердің ойынша зәр жолдарының ауруына, зәр жолдары ашып ауырған кезде бір ас қасық аскөк (укроп) тұқымын бір стақан қайнап тұрған суға салып, 20-30 минут жабық ыдыста бұқтырып қою керек. Кейін сүзіп, бір ас қасықтан күніне 5-6 рет ішкен абзал.
Бұрындары айтқанымыздай, ауруды асқындырып алмас үшін дәрігеріңізге қаралғаныңыз жөн.