Жалғасы... Мұным бар болсын, әлгі қыз мені көре салысымен көк шалғында жатқан ақ көйлегі қолына ілінуі мұң екен, қаша жөнелгені ғой. Тура мен жаққа тартты. «Қарындасым, қорықпа», деген болып ем, құлағына да ілген жоқ, еліктің лағынша безді. Мен жүрген жерде дүние жай ғана айналмай, дөңгелеп тұра ма, деп соңынан қарап қалдым. «Оның қалай?» дейсіздер-ау. Енді әлгі үркек сұлу анда барып бірдеңе десе, тағы да ұятқа белшеден баттым емес пе? Осы оймен суға шала-мала шомылдым да, іле артынан жеттім. Ақсақалдың өзі қарсы алып, үйге кіргізді. Жаюлы тұрған дастарханның қасына быжылдап сары самауыр да келе қалды. Қалампыр апай үнді шайының бір кеспесін ақ шәйнекке салды да, ыстық су ағызып, самауырдың қалпағына қоя қойды. Сон-соң төргі бөлме жаққа дауыстады: -Дәнікеш атаңа шай құйып берші, нан көтеріліп кетті ме? Ауыз үйге барайын,-деп шоланға шыға берд
...
Толығымен (Подробнее)»
| |