|
Өлеңін жазған Т. Тәжібаев Әнін жазған С. Рысбаев
Кеудемді тербеп жыр-ана, Самғаттым көңіл құстарын. Басылар ма екен сірә да, Өмірге деген құштарым.
Жастық шақ өтті ойланбай, Түсіндік оны кешігіп. Туған күндерді мейрамдай Тойлаушы ек әр кез қосылып.
Адамның жастық ғұмыры Қайта бір қолын созбайды. Достықтың алтын тұғыры Өтсе де жылдар тозбайды.
Тойларсың менсіз тағы да, Бүгінгі туған күніңді. Сыйлаушы ед ләззат жаныма Сағындым, достым, үніңді.
Кез келер тыным табатын, Өмірін кім бар өлшеген. Қаққанда жылдар қанатын Алыстап кеттім мен сенен.
|