Лұқпандай мың жас әркім жасай алмас,
Жаратқан бұйрығынан ешкім қалмас.
Дүниенің төрт бұрышын ұстағанмен,
Дем бітсе, кесер басты ажал алмас.
Шылдырмақ жас баланың ойынындай,
Азды күн дүние ғой көңіл алдас
Басты иген көп құлшылық неге керек,
Де де қой: «Екі дүниенің өзің оңдас!»
Тар заман құрсауында өтсе де өмір,
Адамдық қасиетке жастан жармас!
Мәз болмай азды күнгі күн көріске,
Есіңе ал келешекті, жора-жолдас!