Түсінбедім
Көгілдір экран дикторы менің миымды жарты сағат ашытып, үрейге бөледі: шахтада жарылыс болыпты, жол-көлік оқиғасында 10 кісі өлген екен, коммуналдық төлемақы 50 пайызға көтеріліпті, шошқа тұмауы тауықтыкімен бірігіп кетіпті, жер сілкінісі мен топан-судың қаптауы хауіпі бар көрінеді, бұған қоса қалада кісі өлтіргіш әңгүдік пайда болған екен... Ал осылардан кейін маған қарап күлімсіреп, пәлен жердегі зоопаркте бір піл босанды дейді-түсінбедім... Жаңа ғана өзі айтқан қым-қуыт жағдайларды естіген соң, менің пілдің туғанына қуанып, көңілім жайлансын дегені ме?! Жымияды. Неге ғана езуі құлағына жетіп отырғанына түсінбедім... Бәлкім кішкентай туған піл мендейлердің жүректерін қуанышқа бөлеп, кірбің атаулыны жуып-шайып кетеді деп ойлаған шығар...
| |