Ақылды бала
Баяғыда бір бала жеті жасында ақылды бала атаныпты. Сол ақылды бала туралы әңгімені естігенде бір шал:-Оның несі жақсы дейсің. Адам бала күнінде ақылды болса, қартайғанда ақымақ болады,-депті.Мұны әлгі ақылды бала тыңдап тұр екен. Ол дереу шалдан:-Ата, сіз бала күніңізде өте ақылды болған шығарсыз,-дейді.(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
| |