Орман ағашын өгізіне сүйретіп, иен далаға шыққан диқан Төлеге кездесе кетеді. Биден ол тары қандай жерге егілсе мол түсімді болатынын сұрайды. Ана жерге деп би алдындағы құмдақ жерді қамшы сабымен нұқып көрсетеді. Шаруа сол жерге тары тұқымын себеді. Орақ кезінде диқан мол түсімге қарық болып қалады. Қырманы тарыға үйдей боп үйіліп жатқан диқанға Төле би келеді.
-Құдайдың күні көп пе, әлде менің тарым көп пе?-дейді жалғыз өгізді шаруа дәулетіне мәз болып.
-Әрине сенің тарың көп,-депті сонда Төле.
-Тарының осы жерге егілгенде түсімді болатынын қайдан білдіңіз?
-Тары өз жаулары: құрт-құмырсқа, тышқан, торғайы көп жерге жақсы шығады.