Көп адамдар ертеңгі асқа дұрыс көңіл бөлмейді. Ал, ғалымдардың айтуынша, таңертең тамақтанған адам өзін күні бойы жақсы сезінеді екен және бұл диабет пен семіздікке қарсы жақсы әсер етеді.
Ғалымдар 25-37 жас аралығындағы 2800 адамды 8 жыл бойы бақылапты. Сонда таңертең міндетті түрде тамақтануды әдетке айналдырған адамдардың арасында таңертеңгілік астан бас тартып жүрген адамдарға қарағанда семіздік және басқа зат алмасудың бұзылуы әлдеқайда сирек кездескен.
Ғылым бұл феноменді әлі толық түсіндіре алмай отыр. Бірақ мынадай жорамал айтуға болады: таңертеңгілік тамақ ішу адам ағзасындағы зат алмасу процесіне қолайлы жақсы әсер етеді.