Ақ қан ауруымен ауырған адамға ақ кептердің қанын ішкізіп, етін пісіріп береді. 30 кептердің қанын ішіп, етін жегеннен кейін 15 күн демалып, науқас кісі ауруынан айыққанша емді жалғастырады.***
Бала көтермей жүрген әйел жаңа сойылған борсықтың терісін беліне 15 күн орап байлап қоюы керек. Бұл ем жатырдың қабынуын жазып, нәресте көтеруге жағдай жасайды.
***
Жазылмай жүрген жараның аузын есектің зәрімен жуса, жара тез жазылады, Сондай-ақ қышыма мен теміреткінің барлық түрін кетіреді. Есек зәрін керамзитті ыдысқа құйып алу керек. Оны екі күннен артық сақтауға болмайды.***
...
Толығымен (Подробнее)»
| |