Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: Ақ сауыт деп нені айтамыз, Арғымақ деп нені айтамыз? Ақылды деп кімді айтамыз, Ер жігіт деп кімді айтамыз?-деп сұрақ қойыпты. Бұған Шоң: -Ақ сауыт деп айтамыз, Атқанда оқ өтпесе. Арғымақ деп айтамыз, Желгенде жылқы жетпесе. Ақылды деп айтамыз, Тозған елді септесе, Ер жігіт деп айтамыз, Жауға тастап кетпесе!-депті.
|