Момынқұлдың үйінен аттанар алдында, екі күннен бері оның әңгімесін зер сала
тыңдап отырған Тілеғабыл, Айтқұл, Кәдірсіз деген құдалары Қожамжар шешеннен
«Ақылды мен ақылсыздың парқы қандай?» деп сұрағанда, ол мынаны айтыпты:
-Ақылсыз адам қайғысыз өмір сүреді. Оған дүние күйіп кетсе де бәрі бір. Ал,
ақылды адам-қайғылы өмір сүреді. Ол әрбір ақымақтың бүлдірген ісіне күйініп
жүреді. Әрбір бұзық-тентектің мінезіне күйіп-пісіп, шашы ағарады. Оларды тезге,
жөнге саламын деп жүріп, өзінің есіл өмірін өкінумен өткізіп ақырында қор
болғаны өзі де сезбей қалады,-деген екен.
|