Құлағыңа сыбырлаған кеңестің құны жоқ.
Көзі жоқты кінәлау-көптің әдеті.
Суайттықты сүймесең, Сұрақ қойма суайтқа.
Ұзақ емексіткенше, оқыс түңілт.
Досыңнан айырылғың келмесе, Доғал әзіліңді доғар.
Адал адамның ақталуы-ағаттық.
Ары таза-айылын жимас.
Несиеге пұл алған ұмытса да, Берген ұмытпайды.
Арыстанның құйрығы болма, Арлан иттің басы бол.
Таза су әкелгенше, Суыңды төкпей тұра тұр.
Аян дұшпаныңнан аяр дос-жарың сорақы.
Жырақтан жылытқан от жақыннан қариды.
Әдемі әңгімені қайталап Айтқанның айыбы жоқ.
Сиыр сатсаң-сүтің де сатқаның.
Жақсы кеңес тілесең, Жасамыстан сұра.
Демеушің болса, демікпей-ақ жүзерсің.
Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.
|