Абыржыма Айна алдында шашын тарап тұрған әйел күйеуіне: -Мынаны қарашы, шашым уыс-уыс боп түсе бастады. -Оған бола абыржыма, жаным. Көктемде хайуандардың бәрі түлейді.
Базардағы біреу Базарда біреу теріні бұлғап: -Құндыз терісін алыңдар! Құндыздың терісі!-деп айқайлап жүріпті. Бір кісі оны тоқтатып, теріні ары-бері көреді де: -Ей, қайдағы құндыз?! Мынауың кәдімгі иттің терісі ғой! -Иттің аты Құндыз болатын…
"Мен де солай ойлағам…" -Папа, мыстандар өмірде жоқ қой, иә? Әкесі әйелі жаққа бір қарап: -Кішкентай кезімде мен де солай ойлағам.
|