Қайырымдылық жасаушылар ақыл-кеңеске бай келмей ме? Осыған сәйкес Қытай халқының ұлы ұстазы, философы, саяси ойшылы Конфуций даналық сөздеріне зер салыңыздар (Мырзагелді Кемелдің аудармасы). -«Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-құлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба?» деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.
-Тізгін ұстар болсаң, мыңдаған әскери күшің болсын, істе мұқият бол, әділ бол, адамның қамын ойла, қаржыны үнемді жұмса және адамдарды тиімді еңбекке жұмылдыра біл.
-«Халықты қалай бағындыруға болады?» деген сұраққа ұстаз айтты: Егер адал адамды көтермелеп, арамзаларды басшылықтан аластатсаң, халық бағынады. Егер арамзаны басшы етіп, адал адамдарды аластатсаң, халықты бағындыра алмайсың.
-Әділеттілікті іс істейтін жағдайға тап болғанда бұғып қалғанды қорқақтық дейміз.
-Күші жетпегендер бастаған ісін орта жолда тастап кетеді, бастамағандарды қайтеміз?
-Ізгі кісі адамдарға жәрдемді олар бай кезінде емес, кедей кезінде береді.
-Мінезін жақсартпағандарды, оқытқанды ұқпағандарды, парызды ұмытқандарды, кемшілігін жоюға тырыспағандарды көргенде қайғы шегемін.
|