Сырым сынамаққа Бөкен биге сәлем бере барса, қарт: -Қай баласың?-депті. -Даттың баласымын,-депті Сырым. -Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау!-дейді Бөкен. -Отандық ағаштан оқтық мүсін шығады деген қайда? Шалдың үш түрі болады деуші еді: қадірсіз шал, қызымыр шал, қыдырма шал. Өзің соның қайсысың?-депті Сырым. Сонда Бөкен қарт селк етіп: -Бала, қадірсіз десең халқымнан сұра, қызымыр десең қатынымнан сұра, қыдырма десең көршімнен сұра?-деген екен.
|