Қазір жасы үлкен адамдарда қан қысымының жоғарылуы жиі кездесетін уақыт. Бұл дертпен біздің елімізде әрбір оныншы адам ауырады екен. Жыл өткен сайын жасарып бара жатқан бұл кесел кезінде дұрыс ем қолданбаса, оның соңы жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) соғуы мүмкін. Қан қысымы асқынуының жиі кездесетін басты себептері-ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды органдардың зақымдануына байланысты. Негізі тонометр бойынша қалыпты қан қысымы 120/80 болуы керек. Егер тонометр тілі одан жоғарыны көрсетіп тұрса, дереу дәрігерге қаралып, денсаулықты түзеуге асығу керек. Реті келгенде айта кетейік, мұндай дерті бар адамдар күн ыстық кезде жоғары температурадағы моншаға түсулеріне, спиртті ішімдік ішулеріне мүлдем болмайды. Оның алдын-алу үшін артық салмақ қоспауға тырысқан жөн. Тұзды аз мөлшерде қолданған дұрыс. Жұмыс істеу және демалу тәртібін сақтау да маңызды. Жемістер мен көкөністерді көбірек жеген пайдалы. Мүмкіндігінше дене шынықтыру белсенділігін арттырудың да пайдасы зор. Соңғы зерттеулер қан қысымы дертіне құқық қорғау органдары қызметкерлері, басшы лауазымдағылар, сондай-ақ далалық жерлерде, күн көзінде, түнгі кезекте жұмыс істейтіндер көп шалдығатынын анықтады. Себебі бұл мамандық иелері жүйкеге көп салмақ түсетін қызметте ісейтіндегінде болса керек. Мамандар оларға міндетті түрде айына бір рет, ал өзгелер жылына бір рет терапевт, невропатолог-дәрігерлерге қаралып, тексеруден өтуге кеңес береді. Қ. Ережеп. № 08 Сәуір, 2011ж.
|