Ұятсыз адам иттен де жаман. (С.Сарайи)
Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)
Арсыз-адамның қоры. (Ю. Баласағұни)
Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ю. Баласағұни)
Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам. (Ю. Баласағұни)
Ұяты бармен-ұрыс, Ұятсызбен-ұстаспа. (М. Қашқари)
Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
Маңайлама ар-ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ю. Баласағұни)
Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер- Екі жалған бақытына бөленер. (Ю. Баласағұни)
Ұят-жаман ойдың жүгені. (Ю. Баласағұни)
Көп сөзден ұял-тек отыр. (Ш. Сүлеймен)
|