Ұзақ-30 күн-ашығу семіздікті, терінің және шырышты қабаттың ойық жараларын, экземаларды емдеуге қолданылады. 3-7-10 күн ашығу-ағзаны қалдықтардан және токсиндерден тазартудың тамаша әдісі. Қысқа мерзім-1-3 күн-ашығу хирургиялық орталардан соң, әсіресе жоғары температурамен қатар өтетін асқазан-ішек және респираторлық жұқпалардан кейін сауығуға көмектеседі. Бір күндік ашығулар барлық сау адамдарға, әйелдерге де, және кез келген жастағыларға ұсынылады. Тек жоғары айтылғандарды ескеріңіз. Бұндай ашығуды жақсы көретіндер үшін бұл-асқазан-ішек жолына жасалған үлкен жеңілдік. Аптасына бір күнді тек қайнатылған су ішіп өткізу көп адамдар үшін қажеттілікке айналады. 14-3 күндік қысқа мерзімді ашығулар тек асқазан-ішек жолын тазартуға көмектеседі, ал 3-30 күндік ұзақ ашығулар ағзаны сауықтырады. Ағзаға ас түспеген кезде ол өз-өзін қорыта бастайды. Ең алдымен майлар мен жаман, ауру жасушылар қорытылады. Нәтижесінде май қатпарлары азаяды, тері жақсарады, ойық жаралар жазылады. Көбіне3-7 күндік ашығулар ағза шлактерға толғанда аса пайдалы. Ағзаның ластануы әлсіздіктен, енжарлықтан, бастың ауруынан, дене және ақыл-ой потенциялының төмендеуінен көрініс табады. Ашығудан соң бұндай адамға «қанат бітіп», өзін аса сергек сезінеді. Кейде ашығу арық адамдардың толығуына көмектеседі. Бұл кезде заттардың алмасуы күшейеді және ашығу аяқталған соң адамның ас қорыту және коректік заттардың сіңіруі айтарлықтай жақсара түседі. Ашығу әр адамға әртүрлі әсер етеді және нәтижесі де әртүрлі болады. Ашығудың әсері адамның салмағына, дене бітіміне, жасына, физиологиялық ахуалына, өмір салтына, қалыптасқан әдеттеріне, тіпті отбасы жағдайына да байланысты. Сондықтан ағзаны бұндай стреске ұшыратпас бұрын, ол сізге соншалықты қажет пе, оған шыдай аласыз ба, сізге ол пайда әкеле ме, соны ой сарабынан өткізіп алыңыз. Дәрігерлермен ақылдасыңыз.
|