Ертеде бір ақкөңіл әйел тігіншіге көйлек тіктіруге келіпті. Тігінші әбден жемқорлыққа үйренген алаяқ екен. Әйелдің қолынан матаны ала салып: -Мынау –бойқоспасы, мынау-бойқоспасының ойқоспасы, , мынау-жеңтүбі, мынау-жең түбінің кең түбі-деп бір көйлектің орнына екі көйлектік мата алып қалыпты. Әйел үйіне келгеннен кейін болған оқиғаны күйеуіне айтқан екен, күйеуі: -Ойбай, байғұс-ай, сені жаман алдаған екен!-депті. Онсыз да өзінің алданғанын біліп, не істерін білмей тұрған әйел: -Қайтейін, атын атап-атап алды ғой!-депті.
|