 Балдыршөптің барлық бөлігінің түгелдей шипалық қасиеті болады. Ол дененің қызуын басады, өт жүргізеді, ауруды бәсеңдетеді және қабынуларға қарсы күшті әсер етеді. Халық медицинасында балдыршөпті дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, балдыршөп препараттарымен құяң мен ревматизмді, глаукоманы емдейді. Оны дене сыртындағы іріңді жараларға да жағады. Қабылдау үшін бір ас қасық жуылған және ұнтақталған балдыршөпті 1 стақан (200г) араққа салып, 3-4 тәулік бойы ашытып препарат әзірлейді. Сүзіп тазартқан соң оның 12-20 тамшысын 2-3 қасық суға қосып күніне 2-3 рет ішеді. Сондай-ақ жақсылап жуылып, ұсақталып туралған балдыршөпті балмен араластырып 1 грамнан күніне 2 рет ішеді.
|