Жиын топта бір байдың баласы: «Би сарқытын маған берді»,-деп мақтана беріпті. Сонда төрден орын тимей, босаға жақта отырған бір қуақы жарлы жігіт: -Бидің қасында сенен басқа кім бар еді?-дейді. -Басқа ешкім жоқ еді,-депті бай баласы. -Ендеше би сарқытын саған бермегенде, итке тастасын ба?-депті әлгі жігіт.