Бұл күнде теледидардан қайта-қайта жарнамаланатын заттардың бірі-сағыз. Еліктегіш жастардың бұған тез ден қойғанын көру қиын емес. Ал американ дәрігерлерінің өз отандастарын сағыз шайнауға онша әуес болмауға иландырғаны, өйткені мұның ас қорыту ағзаларына зиянды екенін ешкімнің ойына да келмейді. Асқазан сөлі көп бөлініп шығады да, ас қорыту жолдарының кілегей қабатын бұзады, мұның арты уылмаға ұласуы мүмкін екенін білген американдықтар сағызбен әуестенбейтін болды. Сағыз жасаушылар болса, енді өз өнімдерін бейхабар елдерге қарай тоғыта бастады. Теледидар жұртқа анық-қанығын айту орнына ақысын төлесе болды деп жарнамаларын жалғастырып, ілгерідегі сағыз өндірушілердің де, саудагерлердің де баий түсуіне, жастардың өз денсаулықтарына зиян келтіруіне жағдай жасайды. Бұл былай тұрсын, үкіметтің темекіні жарнамалауға тиым салған қаулысына қарамастан, қалталылардың қамын ойлайтын телеарналардың американ темекісін жарқырата жарнамалайтынын қайтерсіз. Бар амал, жасы болсын, кәрісі болсын отандастарымыз «білмеген у ішеді» деген халық даналығына әйтеуір бір уақытта ден қояр ден үміттену ғана қалады.
|