Ынтымақ жоқ үйде ырыс жоқ.
Өгіз сабылмаса, Үй іші жарымас еді.
Кезеген ит кез келгеннен таяқ жейді.
Аяз түспей, көл түбіне тоң қатпас.
Екі қатын алғандар. Итке мұқтаж болған ба?!
Ит-құсқа кездеспеген теке Мекеге де жетіпті.
Бала болмай, пана болмас.
Жазда өзіңді өзің қинамасаң, Қыста қазаның да қайнамайды.
Нәпсінін тиған қызармас.
Пасық паң келер.
Азған ұрпақ арғы тегімен бұлданар.
Иесі мақтаған ат озбас.
Айдай әлемнің ақылдыға Өз еліндей жақындығы.
Ең алғаш олжа тауыпты: Тал түсте шырақ жағыпты.
Қолыңда барды қадірле, Жиярсың сонда бәрін де.
Анасы мақтағанмен қыздың бағасы артпайды.
Құрғаса батпақ алабы, Ылғалы бірақ қалады.
Босқа үрген төбетті бөрі әкетеді.
Қырсық шалған қыздың өз үйінен күндес шығады.
Соғысқа соғыс қана тойтарыс береді.
Асыл текті балапан ұясында ән салар.
Қорлық тірліктен қыршын кеткен артық.
Маңырасаң, қасқыр жеп қояды, Маңырамасаң, қойшының өзі сояды.
Өзгенің аты өрге шапса да алқынбас.
|