Құранда: «(Мұхаммед) (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: «Егер құлшылықтарың (дұғаларың) болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласың?.. (Фурқан) сүресі, 77); «(Мұхаммед)! Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: Өте жақынмын, қашан менен тілесе, тілеушінің тілегіне жауап берем. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»,-деп әмір етеді (Бақара,186).
Дұға жасаудың әдептеріне: қасиетті уақыттарда жасау, дұға жасаған кезде құбылаға қарап және екі қолын көкке көтеру, жоғарғы да емес және бәсең де емес орташа дауыспен дұға ету, жалбарынушы кейіпте болу байсалды кейіпте, Жаратушыдан қорқып сұрау, дұғасынде бек тұру, қабыл болатындығына күмән келтірмеу, тілек-дұғаны тоқтатпау, дұғаны Аллаһқа мақтау және Пайғамбарға салауат айтумен бастау, тәубе етіп тазарту, сөзімен және іс-әрекетімен елге жасаған қиянаты болса кешірім сұрап, бүкіл болмысымен Аллаһқа бет бұру т.б жатады. Бірақ қол қусырып отыра бермеу керек. Тек тілімен дұға етіп, үйден немесе мешіттен шықпай отыру дұға жасаудың тәртібіне қайшы. Жаратушысынан білім сұраған пенде қолына кітап алып ізденуі, ем-шипа сұраған науқас дәрігерге көрініп емделуі, мол астық сұраған дихан қолына кетпенін алып еңбек етуі негізгі шарт. Демек, дұға етуші берекет көру үшін әрекет етуі қажет. Руслан Қамбаров «Насихат айттым, жамағат!» кітабынан
|