Ананың тізесіне сүйенген сәби тезірек өседі.
Тұзсыз етте шіриді, Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Әр қасіреттің өз жұбанышы бар, Әр аурудың өз дәрісі бар.
Жылтыраған сырты бар, Бұршағының құрты бар.
Орманға сен қалай қарасаң, Орман да саған солай қарайды.
Аңшы итін мақтайды, Балықшы таңды жақтайды.
Төсенішіңді қалай салсаң, Түсіңді де солай көрерсің.
Жасамыс махаббаттың жалыны өшпейді.
Өз баласын махаббаты ананың Тұңғиықтың түбінен де табады.
Жылы сөз салқын судан да жақсы сергітеді.
Уайым ұйқыңнан айырады, Күйік сұрқыңнан айырады.
Қуаныш пен күйік-кіндіктес.
Абай болу-ақылдылықтың арнасы.
Тары жоқта тауық өспейді.
Қарыны ашқанның қарымы үлкен.
Аштың саусағынан сары май ақпас.
Қонақ болып қандырсаң құмарыңды, Есте сақта есіктен шығарыңды.
Адам араққа жүгірмесе, Арақ адамға жүгірмес.
Сақал-қарттың сәні.
Іш сорласа, тістен көреді.
Еңбексіз өтер өмір де бір, Ерте келген өлім де бір.
Аяз: «Қолбағың қайда?»-дер, Ақпан «Байпағың қайда?»-дер.
Еңбек етіп тер төккен Ішіп-жейді тәбеттен.
|