«Жолым болмай-ақ қойды...»
Құрбылар сыр шертісіп келе жатқан көрінеді. Сонда біреуі екіншісіне былай деп мұңын шағыпты:-Жолым бір болмай-ақ қойды, тәуір бір еркек кіндіктімен таныссам болды, ол үйленген, әйелі бар кісі боп шыға келеді, немесе менің өзім сол кезде тұрмыста болып шыға келемін...Кешірім сұрады
Мейрамханада қатар отырған екеудің бірі екіншісіне:-Сіз мені шанышқыңызбен шаншып қалдыңыз,-деп іренішін білдірді. Сонда көршісі, ибағатты кісі көрінеді, былай деп кешірім сұрапты:-Кешіріңіз! Сіздің шынтағыңыз менің тәрелкемде жатқан соң ет екен деп қалғаным болуы керек...Амал тауыпты
-Джон, тыңдашы. Көңіліңізге келмесін, сіздің әйеліңіз сондай ұсқынсыз, соған қарамастан сіз ылғи оны жаныңыздан бір тастамайсыз... Неге? -Сіз де мені түсініңізші. Мен үйден шығуға ыңғайланып хоштасайын десем болды, оның сүйіскісі келіп тұратын әдеті бар...Сүйісуге тура ұмтылады... Сонан соң жанымнан тастамай алып жүремін...
|