Денсаулығына айрықша көңіл бөліп, дұрыс тамақтануға көп мән беретін адамдар диетологтардың тағамдардың үйлесімділігі деген принципін ұстануға тырысады. Күнделікті тамақтың құрамы мен құрылымы әр түрлі болғандықтан, ас қорыту процесі әрқалай жүреді. Бұл орайда диетологтар белокты тамақ пен крахмалды тамақтың бірге желінуі асқазанға көп салмақ түсіреді деп есептейді.
|