Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың кеңестерінен үзінді оқыңыздар: «Жақсы адам-магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң-айналаңда досың көп; жаман болсаң-жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса-іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді».
|