От анасы: Ол бүкіл өмірін өзінің отбасына, балаларының тәрбиесіне, отбасының бақытына арнайды. Ондай әйел бар үй қашанда мұнтаздай, бақ-берекеге толы. Ондай әйелдер ерінің ісіне жөнсіз киліге бермейді. Ұтарыңыз: Балаларыңыз тәрбиелі, үйіңізде береке, достарыңыз да, туыстарыңыз да риза. Ұтыларыңыз: Бизнес-леди сияқты ойдан-қырдан ақша жасап, шапқылауды ұнатпайды. Отбасын қаржымен қамту барлық еркектер тәрізді сіздің мойныңызда болады.
Сылқым келіншек: Бұл-барын киіп, «байпағын қолына ұстап», той томалақтан қалмайтын, тапқаныңды бояуы мен киіміне жұмсайтын ерке әйел. Ұтарыңыз: Жиын-тойда сырын білмейтін ел қызыға қарауы мүмкін. Ұтыларыңыз: Тапқан табысыңда, отбасыңда береке болмайды. Сен тек оған ақша тауып киіндіріп, тойындыру үшін ғана керексің. Оның қолынан түк келмейді. Сондықтан өмір бойы ердің де, әйелдің де қызметін қатар атқаруға дайын болсаң, сылқым келіншектің етегінен ұста. Бұл айтылған ескеру-ескермеу өз еркіңіздегі шаруа. Десе де басыңыз көрге жеткенше өмірлік жолдас болар жанды табу жолында талғам да, таңдау да, талап та ерекше болуға тиіс. Бұл орайда дәрігерлердің, жантанушылардың да кеңесін ескерген абзал. Б. Мұқарам
|