Мамандардың пікірінше күтіне білген кісілер ұтады. Өмір де мұны көрсетіп жүр. Назарларыңызға солардың ойларының ұшқындарын ұсынамыз. Алайда, әдеттегідей ескертеріміз бар: әр уақытта емделіп жүрген дәрігеріңізбен ақылдасудан танбаңыздар:
-Көз іріңдеп, қызарып, көз тамырлары шаршағанда шикі картопты немесе алманы таңып қою керек. -Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады. -Балада энурез ауруы басталғанда дәкені шым жылы сүтке салып, баланың қуығына таңып қою керек. -Артрит пен буын ауруларына шалдыққан адам көк шәй ішкені жөн. Ол ағзадағы тұздарды айдайды. -Аяқ жиі қақсап ауыратын жағдайда күнделікті жатар алдында күйдірілмеген пісте майды ауырған жерлерге жағып, жылы шүберекпен орап жатқан жақсы. -Көздің көруі нашарлай бастағанда бір пиязды үккіштен өткізіп, дәл сол көлемдегі балмен араластырып, күніне 2-3 реттен ішу керек.
|