Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Январь » 16 » Кездейсоқ оқиға
Кездейсоқ оқиға
18:59
Қожахан қарияның қалай үйленгені жайлы осыдан бірер жыл бұрын «Мұхамади» мешітінің алдында, әредік сәтте, жастарға айтқан әңгімесі. Кейінгі толқынға кездейсоқ оқиға үлгісі өнеге бола ма деген ойдан туған ойы ғой.
Күз еді
Мен алдымен бастығым туралы айтайын. Өйткені оқиғаның өзі содан басталды. Қаланың шет жағасындағы бір мекемеде жұмысымды тып-тыныш қана атқарып жүріп жатыр едім, күздің жайма шуақ бір күні күтпеген бір жайға тап болғаным. Таңертеңгілікте кеңседе қағаздарымды енді қолға ала беріп едім, бөлме есігі айқара ашылды да, ар жағынан бастығымның кұлпы тастай сом денесі көрінді. Жүрігім зырқ ете түсті. «Жұмыста кемшілік болғанда ешкімді жібермей өзі келуші еді, сонысына бағып тұр ма?»-деймін іштей.
Көз ілескенше болған жоқ, ол сұқ саусағын өзіне қарай шолтаң еткізді де, кабинетіне бұрылып жүре берді.
Артынан мен де кірдім.
-Отыр,-деді ол бәсең дауыспен.
Арқалы орындыққа жайғастым. Бірақ арқамды тірегем жоқ. Кабинет тыныштығы бейне бір мені құрсаулап тастағандай болды. «Енді не айтар екен?»-деп тыпыршып едім, бастығым менің оң иығыма қолын салды да, маған еңкейе түсіп:
-Ей, сен нан жейсің бе?-дегені. Көп үндемесе де қалжыңбас еді, өзімен әзілдесейін десең-ұят, жасы да үлкен.
-Жемегенде?!
-Оның жақсы екен,-деді терезеге қарап. Мұнысына тіл қатпадым. Не дейін? Қабырғадағы сағат бірнеше минутты санап салғанда ғана қайтадан сөйледі. Сол терезеге қарап тұрған күйі.
-Қала кәсіпорының топ-топ өкілдері егіншілерге көмекке аттануда. Соның біріне сен де қосылып, диқандарға көмектесіп қайтасың-ау деймін. Онсыз болмайтын түрі бар,-дей беріп, сөзінің соңын тосуға төзімім тозып:
-Бармаймын!-деп қалдым. Құрыққа сырық жалғаған себептерімді айтпақшы едім, тыңдамады.
-Барасың!
-Бармаймын!
-Барасың! Басың жас, өзің бойдақсың. Сен тұрғанда алты баланың анасы Бағанымды жібереміз бе, әлде пенсияға шыққалы жүрген Төреғұлды жөнелтейік пе?
-Қылдырықбас неге бармайды?
-Оның жұмысы көп, әмбе есеп-қисапқа сенен гөрі ширақ. Бір айдай сенің жоқтығыңды да байқатпайды. Ұқтың ба? Ұқпасаң мына менің орныма отыр да басқара бер осы мекемені. Ойыңа не келсе соны істе.
Ондай шама қада? Тартып қойдым ауылға. Өкпемді арқалап ала кеттім. Өйткені, осы уақытқа дейін өзімді коллективке қажетті бір мүше санап жүруші едім, оным бекерге шықты ма, қалай. «Қысылтаяң сыр ашады екен-ау,-деп ойлаймын,-жеме-жемеге келгенде қаңбақтай да қауқарым болмады».
Жалғасы бар...

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 995 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Январь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz