Воскресенье, 07.12.2025, 08:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 19
Гостей: 19
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Январь » 18 » Кездейсоқ оқиға
Кездейсоқ оқиға
10:30
Жалғасы...
Мұным бар болсын, әлгі қыз мені көре салысымен көк шалғында жатқан ақ көйлегі қолына ілінуі мұң екен, қаша жөнелгені ғой. Тура мен жаққа тартты. «Қарындасым, қорықпа», деген болып ем, құлағына да ілген жоқ, еліктің лағынша безді. Мен жүрген жерде дүние жай ғана айналмай, дөңгелеп тұра ма, деп соңынан қарап қалдым. «Оның қалай?» дейсіздер-ау. Енді әлгі үркек сұлу анда барып бірдеңе десе, тағы да ұятқа белшеден баттым емес пе?
Осы оймен суға шала-мала шомылдым да, іле артынан жеттім. Ақсақалдың өзі қарсы алып, үйге кіргізді. Жаюлы тұрған дастарханның қасына быжылдап сары самауыр да келе қалды. Қалампыр апай үнді шайының бір кеспесін ақ шәйнекке салды да, ыстық су ағызып, самауырдың қалпағына қоя қойды. Сон-соң төргі бөлме жаққа дауыстады:
-Дәнікеш атаңа шай құйып берші, нан көтеріліп кетті ме? Ауыз үйге барайын,-деп шоланға шыға берді. Сол-ақ екен, көзі алақандай болып, манағы қызым шықты. Маған тіке бір қарап алды да, амандасқан соң күлкісін тия алсайшы, сылқ-сылқ етіп. Бір кесені төңкере берген Бабатай қызына:
-Тәйт! Қайтеді өзі? Саған не жетті?-деп еді, мырс ете түсті, далаға ытып шықты. Әлден уақытта Қалампыр келіп қайта орнына отырды.
Сонымен не керек, оқушым, кітапханашы Дәнікешпен алғашқы танысуымыз осылай болды. Кейінен сол бір жайды талай саққа жүгіртіп алатынбыз. Қысқасы ол мені «Қожақан» демей, «Қошақаным» дейтін болды. Мен Дәнікеш демей, «Дәнім, Алтын Дәнім» дейтін болдым. Науқан қызып кетті. Тып-тыныш тұрған төңірек дүр сілкінді. Бәрі жақсы, бәрі тамаша еді, қаладағы бастықтан хабар келді. «Уақытың бітті, қайт. Босатпаса өзіме телефон соқ». Қайтқам да жоқ, соқсам да жоқ. Телеграмма келді. Мазмұны: есің дұрыс болса қайт. Арада біраз күн өткен соң Нысанбек келіп, бастығымның өзі мені телефонға шақырған қағазын берді.
-Иә, неге қайтпай жатырсың?-дейді трубкадан бастығымның  дауысы.
-Қайтқым келмейді.
-Сенікі қызық екен, жібергенде барғым келмейді, шақырғанда қайтқым келмейді. Осы сенің шырғаланыңнан басым қатты. Қарағым, шыныңды айтшы, өкпелеп жүрмісің?
-Жоқ,-деп айқайлаймын,-кеңседе кісілер көп. Неге өкпелейін, қайта ризамын.
Бөлме толы құрдастарым сөзімді бөліп жіберді:
-Әй күшік күйеу-ай, үйленемін десейші!-деп қарқ-қарқ күліп жатыр.
Міне, достарым, Бабатайдың ақ мұртты бидайлары мені осылайша құшағына алып қалғаны ғой. Енді жыл сайын күз әредігінде осы оқиғалар есіме түсіп, таңқы танау немеремді басынан сипап, миығымнан жымиып отырамын.
М. Танаш.
Өскемен.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1073 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Январь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz