Үлкендер де кішілер де хиджаб киіп жас қыздардың «өзгере қалған» мінез-құлықтарына таңданып жатады: «кеше ғана таныс бала көшеде кездесе қалса, алдарынан көз алмай өздерімен-өздері, басқа ешкімнің қажеті жоқтай кете барады. «Айнала қоршаған дүниеге қызығушылықтары азайғандай»,-деседі. Мұндайды естігенде өз басым қуанышқа бөленемін. Көпшіліктің білгені дұрыс: ислам дініне иланып, осы жолда жүрген қалың ересектермен қатар, жаңағы қыздар да шариғатқа сай жүрсе, несі дөрекі? Жан-жақтарына алақ-бұлақ қарап, бет-ауыздарына бес баттам бояу жаққан, ала-құла киініп, өздерінше мода сақтайтын бойжеткендердің аузынан шыққан былапыт сөздерін естігенде жаның тітіркенбей ме?!.. Хиджаб киген қыздар өз сәнімен жүрсе, бұл оларды еш нәрсе қызықтырмайды деген пікір тудырмайды. Қайта олардың таза жолға саналы түрде түскенін байқатады. Бұған көпшілік не дер екен?..
Қайрат, мамандығым-мұғалім, тұрмыстық қамту қызметкерімін.
|